• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 14 Маусым, 2022

«Күйеуіңді қалай өлтіруге болады» кітабының авторы сотталды

222 рет
көрсетілді

Аталған кітаптың авторы, 71 жастағы Нэнси Крэмптон-Брофи 63 жастағы күйеуі Дэна Брофиді өлтіргенін мойындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға осыдан 4 жыл бұрын болған. Нэнси Крэмптон бас аспаз болып жұмыс істейтін күйеуі Дэн Брофиді жұмыс орнында өлтірген. Сот процесі барысында қылмыс жасаған әйел күйеуінің жүрегіне тапаншамен екі рет оқ атқанын мойындады. Ол өмірлік серігін өлтірмес бұрын «Күйеуіңді қалай өлтіруге болады» деген тақырыпта интернет-эссе жазған.

2014 жылдан 2017 жылға дейін ерлі-зайыптылар қарызға батып, қаржылық қиындықтарға тап болған. Сондықтан үйлерін сатып, кішірек үй сатып алуды жоспарлаған. Дегенмен күдіктінің қылмысқа сақтандыру қағазына иелік ету үшін барғаны белгілі болды. Бұдан бөлек, Нэнси басқа да қылмыс жасаған. Атап айтқанда, ақша жымқырған, алаяқтық жасаған.

Бірақ Нэнсидің жақындары оның кінәсіз екендігіне кәміл сенімді. Туыстары Нэнси мен Дэннің тамаша жұп болғанын және бір-бірін жақсы көргендерін, ал күйеуі қайтыс болғаннан кейін Нэнсидің қатты қайғырғанын айтты.

Сот Нэнси Крэмптон-Брофиді жасаған қылмысы үшін айыпты деп танып, 25 жылға абақтыға отырғызды. Енді ол темір тордан 96 жасында ғана шыға алады.

                                                                                Асемай Ерланқызы